Аудиторлыққа аттестаттау туралы

Аудиторлыққа аттестаттау туралы

Аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес (бұдан әрі – Кәсіби кеңес) ағымдағы жылдың шілде айында аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау бойынша емтихан сессиясын өткізді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығымен бекітілген Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 18-тармағына сәйкес өткен емтихандардың модульдік тапсырмалары Кәсіптік кеңестің интернет-ресурсында жарияланады (Анықтама: модульдік тапсырмалар әрбір емтиханға жаңартылады).

Бұл норма үміткерлерге сапалы дайындық мақсатында тапсырмаларды шамамен толтыруға және олардың күрделілігіне бағдарлануға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Аудитор» біліктілік куәлігін алуға аттестаттаудан өткісі келетін кандидаттарды емтихан модульдері Аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңестің (https://psad.kz/ru/kvalifikacionnaa-komissia) сайтында орналастырылғаны туралы хабардар етеді.