Халық пен экономиканы қолдау - Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау

Халық пен экономиканы қолдау - Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау

Үкімет елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға 5,9 трлн.теңге бағытталған. Бұл қаражат республикалық бюджет есебінен – 3,4 млрд.теңге және бюджеттен тыс қаражат есебінен – 2,5 млрд. теңге қамтамасыз етілді.

Негізінен шығындар ай сайынғы кірістерді жоғалтуына байланысты әлеуметтік төлемдерге, жұмыспен қамтуды ұлғайтуға, тұрғын үй құрылысына, бюджет шығындарын өтеуге, шетел валютасы бағамының өзгеруіне, үкімет резервін толықтыруға және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша басқа да шығыстарға бағытталған.

Жұмыспен қамтудың Жол картасын қаржыландыруға 1 трлн. теңге қарастырылған. Оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен – 300 млрд. теңге, бюджеттен тыс қаражат – 700 млрд. теңге. Осы қаражат шеңберінде инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып, 250 мың жұмыс орны құрылады.

Айналым капиталын 8%-ға жеңілдікпен несиелеу және «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша жылдық 6% жеңілдікті несиелендіруді ұлғайту шеңберінде 1 трлн.теңге қарастырылған (бюджеттен тыс қаражат).

4,5 млн.-нан астам адам екі ай ішінде 1 ЕТЖ (42,5 мың теңге) мөлшерінде табыс жоғалуы бойынша төлемдер алады. Бұл мақсатқа 370 млрд.теңге (Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан) көзделген.

Тұрғын үй құрылысына елдегі құрылыс көлемін 15 млн. ш.м. дейін жеткізу үшін қосымша 390 млрд.теңге (бюджеттен тыс қаражат) бөлінді.

Республикалық бюджеттің салық кірістерінің шығындарын өтеуге және тиісті мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындауға 1,7 трлн.теңге бөлінді.

Экономиканың зардап шеккен секторларындағы ШОБ субъектілері мен ірі бизнес өкілдерінің еңбек ақы төлеу бойынша салықтар мен алымдарды төлеуден босатуға байланысты жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеуге 237 млрд.теңге қарастырылған.

313 млрд. теңге әлеуметтік төлемдердің (зейнетақылар, жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек) 10%-ға дейін қосымша индекстеуге, стипендияны деңгейін арттыруға және тұрғындардың коммуналдық қызметтерінің ақысын төлеуге жұмсалады.

Мемлекеттік бағдарламаларды кеңейтуге 240 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде:

- агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға-50 млрд. теңге;

- «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға - 50,0 млрд. теңге;

- «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдендіруге - 84,5 млрд. теңге;

- «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға - 55,0 млрд. теңге қарастырылған.

Эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 125 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде медициналық және басқа қызметкерлерге қосымша ақы төлеу, халықтың аз қамтылған топттарына азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен басқаларын қамтамасыз ету қарастырылған.

Қосымша шығыстар азаматтар мен экономикалық ахуалды жақсартуға, оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға бағытталған шығындар – 575 млрд. теңгені құрайды. Осы қаражаттар шеңберінде көлік инфрақұрылымдарын дамыту, Нұр-сұлтан қаласындағы үлестік құрылыстардың проблемалық объектілерін аяқтауға арналған шығыстар және басқа да басым бағыттарды қаржыландыру көзделген.