
Бүгін қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Парламент Мәжілісінде «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын ұсынды.
Өз сөзінде ол «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы 2028 жылға дейінгі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық болжамының негізінде әзірленгендігін атап өтті.
Осылайша 2024 жылға түсімдер 20,4 трлн. теңге деңгейінде болжанады.
Шығыстар құрылымында негізгі үлес әлеуметтік салаға келеді, мәселен 2024 жылы әлеуметтік салаға 9 884 млрд. теңге немесе 2023 жылдың жоспарына қарағанда 1 442 млрд. теңгеге өсуімен жоспарланған.
Республикалық бюджеттің параметрлері теңдестірілген және Мемлекет басшысының бастамаларын және «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған мемлекеттік шығыстарды қаржылық тұрақтылықты сақтай отырып ұлғайтуды көздейді.