Жаңа Салық кодексінің жобасын белсенді талқылау жүріп жатыр

Жаңа Салық кодексінің жобасын белсенді талқылау жүріп жатыр

Кезекті отырысқа Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, ҚР ҰЭМ салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағынаев және YPO Kazakhstan өкілдері қатысты. ✅

Жаңа Салық кодексінің жобасын әзірлеу жұмыстары кәсіпкерлермен, сарапшылар қауымдастығымен және депутаттармен бірлесіп жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 700-ге жуық ұсыныс қаралды🔴

Кездесуде қатысушылар болжамды салық саясатын қалыптастыру, экономиканың жоғары табысты салалары үшін негізгі салықтар бойынша мөлшерлемелерді қайта қарау, арнайы салық режимдерін реформалау, сән-салтанат заттарына жоғары салық салу және т.б. мәселелерді талқылады.

YPO Kazakhstan өкілдері осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, ұсынылған тәсілдер бойынша ұстанымдарын айтты.✅

Жаңа Салық кодексінің жобасын талқылау бойынша кездесулер жалғасатын болады.