Ішкі аудит қызмет өкілдерімен өңірлік семинар

Ішкі аудит қызмет өкілдерімен өңірлік семинар

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен Ішкі аудит қызметтерінің қызметін үйлестіру мақсатында 2023 жылғы 7-8 қыркүйек аралығында Көкшетау қаласында өңірлік семинар өткізілді.

Семинарға Орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және ішкі мемлекеттік аудит қызметтерінің қызметкерлері қатысты.

Аталған іс-шара аясында сапаны бақылаудың ішкі аудиторлық қызметінің аудит материалдарын қаржылық бақылау, тәуекелдерді басқару, сондай-ақ электрондық мемлекеттік аудитті жоспарлау және жүргізу мәселелері қаралды.