
Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаментінің директоры А. Бектұрова мен ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы А. Ахметов PEMPAL Ішкі аудит жөніндегі қоғамдастықтың (ІАҚ) 50-ші және 51-ші пленарлық отырысына және Скопье қаласындағы (Солтүстік Македония) ІАҚ тәжірибесіндегі аудит жөніндегі жұмыс тобының кеңесіне қатысты, онда А. Бектұрова Қауымдастық төрағасының орынбасары болып сайланды.
Практикадағы ішкі аудиторлар қоғамдастығының үздік тәжірибені ілгерілетудегі рөлі туралы көп айтуға болады. Елдердің тәжірибесін көру және ең озық тәжірибені алу мүмкіндігінің арқасында біз қаржылық есеп аудитіне, тиімділік аудитіне арналған рәсімдік стандарттарды, мемлекеттік сектордегі комплаенске, аудиторлық қызметін бағалау әдістемесін әзірледік. Қазақстан үшін Қоғамдастықтағы басшылық (ЭЫДҰ (SECO), РФ Қаржы министрлігі және Дүниежүзілік банк қаржыландыратын) орталықта болу және жария болу және тұрақты даму арқылы сапалы өмір сүру үшін үздік трендтерді сезіну құқығын іске асыру маңызды» - деп түсіндірді А. Бектурова.
Іс-шараларға Франция, Румыния, Оңтүстік Африка Республикасы, Ресей Федерациясы, Албания, Армения, Белоруссия, Болгария, Босния және Герцеговина, Венгрия, Сербия, Солтүстік Македония және т. б. қаржы органдарының 26 ресми тұлғалары қатысты.
Осы іс-шараларды жүргізудің мақсаты өзара зерделеуді және тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету, ішкі мемлекеттікаудит пен қаржылық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тетіктерін, әдістерін жетілдіру бойынша бірлескен жоспарлармен ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.
Бұдан бұрын, 2017 жылы А. Бектурова Нұр-Сұлтан қаласындағы Кеңестің XIII отырысы барысында дауыс беруқорытындысы бойынша ТМД Атқарушы комитеті жанындағы Үйлестіру кеңесінің төрағасы болып тағайындалған.
2018 жылдың 22 - 26 қазан аралығында Женевада (Швейцария Конфедерациясы) Дүниежүзілік инвестициялық форумының 10-шы Мерейтойы өтті, бұл халықаралық инвестициялық мәселелерді талқылау, сондай-ақ инвестиция және даму саласындағы әлемдік қауіп-қатерлерге арналған стратегиялар мен шешімдерді әзірлеу үшін арналған ең ірі әлемдік алаң.
Бұл алаңда алғаш рет Қазақстан өкілі, Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің директоры – А. Бектурова БҰҰ ISAR төрағасының орынбасары болып сайланды. Мамандандырылған халықаралық ұйымда басшы құрамға бірауыздан сайлану - сенім элементі болып табылады, бұл Қазақстанның корпоративтік басқарудың ашықтығын және елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етудегі позициясын көрсетеді.
