Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығының жобасын әзірледі.
Бұл жоба «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 ақпандағы № 133 қаулысын іске асыру шеңберінде әзірленді, оған сәйкес жобалық басқару саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру жөніндегі міндет Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне бекітілді.
Бұл жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің http://legalacts.egov.kz интернет-порталында 2023 жылғы 5 қыркүйекте орналастырылған.
Жобаны қоғамдық талқылауды өткізу мерзімі 2023 жылғы 19 қыркүйекке дейін.