Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды

Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды

✅Президент Жолдауына сәйкес, Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы еліміздің бәсекелік артықшылықтарын тиімді пайдалануға және өндіріс саласындағы еңбек, капитал, ресурстар, технология сияқты негізгі факторлардың әлеуетін барынша ашуға негізделеді.

 

✅ Экономикалық блок бойынша

 

Бизнеске түсетін фискалдық жүктемені азайту үшін бақылауды толық цифрландыра отырып, салық есептілігінің нысандарын 30%-ға қысқарту қажет.

 

📄Сондай-ақ, жаңа Бюджет кодексінің жобасы шеңберінде бөлшектенген бюджет бойынша пилоттық жобаның негізгі ережелерін бекіту, салықтар мен төлемдердің өзге де түрлерінен түсетін түсімдердің бір бөлігін, оның ішінде қосымша құн салығын екінші деңгейдегі бюджетке беру жөніндегі жұмысты жалғастыру, сондай-ақ Жергілікті бюджетке жиналатын салықтардың бір бөлігі бойынша преференцияларды айқындау жөніндегі өкілеттіктерді өңірлерге беру мүмкіндігін қосымша қарау қажеттігі аталып өтті.

 

📎Тарифтік саясатты қайта қарау аясында цифрлық бақылау құралдарын енгізудің, монополистердің жауапкершілігін арттыруда қарсы міндеттемелерді бекітудің маңыздылығына назар аударылды.

 

 

📊Бизнеспен бірлесіп, өңірлік тауар-шикізат биржасын құру мәселесі пысықталуы тиіс. Бұдан басқа, KazakhExport компаниясының базасында барлық қажетті құралдарды шоғырландыра отырып, экспортты ілгерілетудің толыққанды институты құрылатын болады.

 

📌Отырысты қорытындылай келе, Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Үкіметтің алдында барынша биік, алайда қол жеткізуге болатын мақсаттар қойғанын айтты. Ол үшін қажетті құралдар мен ресурстар бар.