Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары қаржы вице-министрі Р. Еңсебаевқа экспорттық-импорттық операциялар бойынша "Бірыңғай терезе" порталын таныстырды

Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары қаржы вице-министрі Р. Еңсебаевқа экспорттық-импорттық операциялар бойынша "Бірыңғай терезе" порталын таныстырды

Ағымдағы жылдың 17 және 18 сәуірінде қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев жұмыс сапарымен Шымкент қаласы мен Түркістан облысына барып, бірқатар кездесулер өткізді.

 

Шымкентте Қаржы министрлігі басшысының орынбасары сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кездесіп, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін талқылады.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс органдары вице-министрге экспорттық-импорттық операциялар бойынша "Бірыңғай терезе" порталының функционалы мен мүмкіндіктерін көрсетті".

Руслан Еңсебаев сондай-ақ ағымдағы жылдың наурыз айында түсіндіру жұмысы басқармасының базасында құрылған Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің байланыс орталығында болды. Бүгінгі күні байланыс орталығында 4 телефон және "сенім телефоны"жұмыс істейді.

Шымкент қаласы бойынша МКД басшысы Нұралхан Көшеров келушілерді байланыс орталығының жұмысымен таныстырды. "Өтініштердің барлық жазбалары мен жауаптарын жазу құрылғысымен тіркейтініне назар аударғым келеді. Сонымен қатар, тез әрекет ету мақсатында салық төлеушілер Департаменттің ресми сайты және сайтта көрсетілген WhatsApp арқылы түсініктеме ала алады", - деді.

Оның айтуынша, байланыс орталығы жұмыс істей бастағаннан бері 230 өтініш қабылданды.

Келесі кеңес Еңбекші ауданы бойынша МКБ қызмет көрсету орталығында өтті, онда мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету және уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Іс-шараға қатысушылар жеке тұлғалардың көлік құралдары бойынша мәліметтердің өзектілігіне назар аударды. Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері де өз ұсыныстарын енгізді.

Келесі күні Қаржы вице-министрі Түркістан жоғары аграрлық колледжінің оқушыларымен кездесіп, "Жас ұрпақтың жаһандық көзқарасы" форумына қатысты.

Р. Еңсебаев сондай-ақ өңір кәсіпкерлерімен және "Тұлпар-2030" базарындағы техникалық қызмет көрсету орталығының өкілдерімен кездесу өткізді, онда онлайн бақылау-кассалық машиналарды тіркеу мәселелері талқыланды және Шымкент қаласындағы кедендік ресімдеу орталығының қызметімен танысты.