
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтады. 
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің дамуына қоскан елеулі үлесі мен мінсіз кызметі үшін бірқатар қызметкерлерге алғыс жарияланды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар арасындағы республикалық спартакиада жеңімпаздарына Министрліктің алғыс хаттары табысталды.
Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасты.