«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі бұйрығының жобасына баспасөз релизі

Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 5-тармағының 4-тармақшасын іске асыру мақсатында «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Премьер-Министр орынбасары бұйрығының жобасын әзірлеген. Аталған жобаға сәйкес Бюджет кодексінің 54-бабы 1-тармағы 1-тармақшасының үшінші абзацта «аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер» сөздері алынып тасталды.

Бұл жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің http://legalacts.egov.kz интернет-порталында 2023 жылғы 24 тамызда орналастырылған.

Жобаны қоғамдық талқылауды өткізу мерзімі 2023 жылғы 8 қыркүйекке дейін.