Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 3 тармағын іске асыру үшін «Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығының жобасын әзірледі.
Бұл жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің http://legalacts.egov.kz интернет-порталында 2023 жылғы 22 тамызында орналастырылған.
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі - 2023 жылғы 6 қыркүйекке дейін.