Қаржы министрлігінде Президенттік жастар кадр резервінің ерекше рөлі мен оған іріктеуге қатысудың маңыздылығы талқыланды

Қаржы министрлігінде Президенттік жастар кадр резервінің ерекше рөлі мен оған іріктеуге қатысудың маңыздылығы талқыланды

Бүгін Қаржы министрлігі Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп Президенттік жастар кадр резервінің іріктеуіне қатысу бойынша түсіндірмелер жүргізді, оның үшінші кезеңі 1 қыркүйектен басталады.

Түсіндіруге біліктілік талаптарына сәйкес келетін Қаржы министрлігінің 130 маманы қатысты.

Ықтимал кандидаттар алдында сөз сөйлеген Аппарат басшысы Ерғали Егемберді және МҚІА департаментінің директоры Айбек Шілманов Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру туралы бастама Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарының бірі болғанын және бұл қызметкерлер үшін өз әлеуетін іске асыруға және осы әлеуметтік сатыны толық көлемде пайдалануға бірегей мүмкіндік екенін атап өтті.

Түсіндіру соңында Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қызметкерлердің біліктілігін арттыру, еңбек, атқарушылық тәртіпті сақтау мәселелері және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.