«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) Бюджет кодексін жаңа «Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдер» 52-4 бабымен толықтыру бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыруына, Бюджет кодексін жаңа «Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде айқындалған ерекше мәртебесі бар республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде «жасыл» жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алуы» 212-1 бабымен толықтыру бөлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыруына және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарына сәйкес әзірленді.
Бұйрық жобасымен жаңа бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) ашу жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2023 жылғы 18 тамызда орналастырылды.