Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2023 жылдың 1 жартыжылдығына жүргізілген іс-шараларының нәтижелері бойынша брифинг

Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит  Департаментінің 2023 жылдың 1 жартыжылдығына  жүргізілген іс-шараларының нәтижелері бойынша брифинг

Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Егембердиев Марат Темірбекұлы Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында, 2023 жылдың өткен кезеңіне Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша брифинг өткізді.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Департамент тарапынан жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар, тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалар, орын алған Қаржылық бұзушылықтарды, сонымен қатар, аудит нәтижелері бойынша Құқық қорғау органдарына қылмыстық белгілері бар жолданған материалдар  бойынша ақпаратты атап өтті.

Департамент тарапынан камералдық бақылаумен есепті кезеңде 98,1% (13085 лот)   мемлекеттік сатып алу рәсімдері қамтылып, оның ішінде ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілеріге анықталған бұзушылықтарды жою туралы 2751 хабарлама жіберіліп, оның ішінде 2726 хабарлама орындалды, немесе 96,6 % құрады.

Бұдан бөлек, есептік кезеңде мемлекеттік сатып алу бойынша 1125 келіп түскен жолданымдардың ішінде, 751 шағым толығымен қанағаттандырылған, ішінара қанағаттандырылған жолданымдар саны- 374.

Сонымен қатар, Департамент өз құзіреті шегінде аудит материалдары, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік органдар материалдары бойынша, ҚР бухгалтерлк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасы (ҚР Кодексінің 238 бабы) және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы   (ҚР Кодексінің 207 бабы) бойынша әкімшілік істер қаралып, 463 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 61,0 млн. Теңге айыппұл салынып, оның 56,9 млн, теңгесі өндірілді немесе орындалу пайызы 93,2 %. Қалған материалдар мәжбүрлеп төлету үшін Мемлекеттік сот орындаушыларына және жеке сот орындаушыларына жолданған.

Департаментпен аудиторлық іс шаралар қорытындысымен 1-талап арыз беріліп, толығымен қанағаттандырылған.

Департаментке берілген талап арыз саны-6, оның ішінде 4 талап арыз - ішінара қанағаттандырылды, 2 талап арыз - қаралуда.