
Ағымдағы жылдың 10-13 тамызы аралығында Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында органдар арасында республикалық спартакиада өтті. Спартакиаданың мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты насихаттау және дамыту болып табылады.
Спартакиадаға 22 мемлекеттік органның қызметкерлері қатысты. Командалар спорттың алты түрінен жарысты: футзал, волейбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және бильярд.
Жалпы командалық есепте мемлекеттік органдар арасындағы спартакиаданың көшбасшылары: бірінші орын - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің командасы, екінші орын - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, үшінші орын - Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі.