«Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
««Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулы жобасы (бұдан әрі – Жоба) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына және
8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Жобаның мақсаты «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банкті кепілдіктерін өзара тану туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу болып табылады.
Жобаны қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.
Жоба 2023 жылғы 8 тамызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14661347) орналастырылды.
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылғы 22 тамызға дейін.