«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) Қазақстан Республикасы Президентінің
2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығымен бекітілген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 43-тармағын орындау үшін мақсатында әзірленген.
Заң жобасының мақсаты мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторды сатып алу туралы заңнама нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту болып табылады.
Заңды қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.
Заң жобасы 2023 жылғы 3 тамызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14656425) орналастырылды.
Заң жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылғы 25 тамызға дейін.