
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Кувейт Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімнің жобасын талқылау бойынша келіссөздердің кезекті раунды Астана қаласында өтті.
Келіссөздер қорытындылары бойынша Келісім жобасының мәтінін келісуде айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізілді – екі ереже ғана ашық қалды.
Тараптар келесі раундқа дайындық шеңберінде қажетті қадамдар жасауға, Келісім жобасының келісілмеген ережелерін талқылауға және қайта қарауға уағдаласты.
Келісім жобасы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, кеңейтуге, екі ел резиденттерінің табыстарына қосарланған салық салуды жою жолымен елдер арасындағы инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.