«Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің бұйрық жобасына БАСПАСӨЗ  ХАБАРЛАМАСЫ

         

          «Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрықтың жобасы) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы Ережеге сәйкес әзірленді және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген.
          Жобаны қабылдау мақсаты нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту болып табылады.
          Бұйрықтын жобасы 2023 жылғы 3 мамырда (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14543304) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
          Бұйрықтың жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылғы 19 мамырға дейін.

          Бұйрықтың жобасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылы 12 шілдеде 33067 мемлекеттік нөмірімен тіркелген.