«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және заңнамалық актілерге нормалардың заңнамалық жағынан артық (шамадан тыс) регламенттелуі тұрғысынан ревизия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы әзірленді

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және заңнамалық актілерге нормалардың заңнамалық жағынан артық (шамадан тыс) регламенттелуі тұрғысынан ревизия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы әзірленді

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және заңнамалық актілерге нормалардың заңнамалық жағынан артық (шамадан тыс) регламенттелуі тұрғысынан ревизия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және заңнамалық актілерге нормалардың заңнамалық жағынан артық (шамадан тыс) регламенттелуі тұрғысынан ревизия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) Қазақстан Республикасы Президентінің
2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығымен бекітілген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 43-тармағын орындау үшін және «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығының 13-тармағын жүзеге асыру мақсатында әзірленген.

Заң жобасының мақсаты мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру және атқарушы биліктің қызметін заңнамалық тұрғыдан артық регламенттеуді болдырмау болып табылады.

Заңды қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Заң жобасы 2023 жылғы 28 шілдеде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14647853) орналастырылды.

Заң жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылғы 21 тамызға дейін.