
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Эльдар Қазғанбаев Павлодар облысының тұрғындарымен кездесу өткізді
Өз сөзінде Э. Қазғанбаев Министрлік қызметінің негізгі бағыттарын, өткен жылдың, сондай-ақ ағымдағы жылдың 6 айдағы жұмыс нәтижелерінің қорытындысын атап өтті.
2015-2022 жылдар арасындағы кезеңде Павлодар облысының 7,5 мыңнан астам бизнес субъектісі 1,2 трлн. теңге сомаға мемлекеттік қолдау шараларын алған.
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өңірде 69 мыңнан астам бизнес субъектісі тіркелген.
Кездесу барысында вице-министр банкроттық рәсім, арнайы салық режимі, бақылау-кассалық машиналарды қолдану, электрондық кезек жүйесінің жұмыс істеуі бойынша қойылған өзекті сұрақтарға жауап берді.