010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 4-кіреберіс мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (жұмыс органы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 8 мамырдағы № 474 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитiн жүргiзу үшiн аудиторлық ұйымды таңдау қағидаларына сәйкес 2023 - 2024 жылдарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау бойынша конкурс өткізілетіндігін хабарлайды.
Сыртқы аудит жүргізу және аудиторлық қорытындыны ұсыну мерзімі:
2023 жыл үшін 2024 жылғы 1 наурызға дейін және 2024 жыл үшін 2025 жылғы
1 наурызға дейін.
Конкурстық құжаттама пакетін мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, 4-кіреберіс, 204-кабинет, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қолма-қол алуға болады.
Конверттерге салынған конкурстық өтінімдерді әлеуетті аудиторлар Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 4-кіреберіс, 204-кабинет мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментіне ұсынады.
Конкурстық құжаттамаларды енгізетін тұлғалардың өздерімен бірге конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлғалардың атынан сенімгерлік хаты (сенімхат) болуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасында аудит жүргізуге лицензиясы және қаржы институттарына аудиторлық қызмет көрсету саласында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар жіберіледі.
Конкурсқа қатысушы мынадай біліктілік талаптарына сай болуға тиіс:
1) кәсіби біліктілігінің болуы, сыртқы аудит жүргізу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының болуы;
2) сыртқы аудит жүргізу туралы шарт жасасу үшін азаматтық құқық қабілетінің болуы;
3) төлем қабілеттілігінің болуы, таратуға жатпауы, оның мүлкіне тыйым салынбаған болуы тиіс, оның қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тоқтатылған болуы тиіс.
Конкурсқа қатысушы дайындаған конкурстық өтінім, сондай-ақ барлық конкурстық өтінім бойынша хат-хабарлар мен құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады және ұсынылады. Конкурсқа қатысушы конкурстық өтінімді басқа тілде жасаған және ұсынған жағдайда оған дәлме-дәл (нотариалды куәландырылған) аударма қоса беріледі. Конкурсқа қатысушы аудит жүргізу бойынша көрсетілетін қызмет құнының жалпы мәлімделген сомасының бес пайызы мөлшерінде ақшалай кепіл түрінде кепілдік жарна төлеуге міндетті.
Кепілдік жарна конкурстық өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің шотына мынадай деректемелер бойынша: «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі» РММ, БСН 201040000013, БСК KKMFKZ2A, № KZ380705012170001001 банктік шотына, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» РММ-ге аударылады. Кепілдік жарнаның қолданылу мерзімі конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімінен кем емес, бұл ретте конкурстық өтінім конкурстық комиссиямен конветтерді ашу мерзіміне дейін жарамды болуы керек.
Осы конкурстың жеңімпазы деп танылған конкурсқа қатысушы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы аудитін жүргізуге Шартты қамтамасыз ету түрінде Шарттың жалпы сомасының бес пайызы мөлшерінде ақшалай кепілді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің шотына енгізеді.
Шартты орындауды қамтамасыз ету түрінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің шотына конкурс жеңімпазы енгізген ақшаны қайтару конкурс жеңімпазы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісті түрде орындаған жағдайда ғана жүргізіледі.
Егер конкурс жеңімпазы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаса немесе тиісті түрде орындамаса, онда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес енгізілген Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұстап қалады.
Конкурсқа қатысушылардың қайталама конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдері қайталама конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк 14 (он төрт) күннен кешіктірмей ұсынылады.
Конкурсты өткізу күні конкурсқа қатысушыларға қосымша хабарланатын болады.
Конкурс өткізу және оған байланысты құжаттар мен материалдарды рәсімдеу бойынша қосымша ақпарат, түсініктемелер алу үшін Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 4-кіреберіс, 204-кабинет мекенжайы бойынша, немесе 749623, 74-96-09, 750217, +77472051195, +77753271643 телефондары арқылы, сонымен қатар su.ismurzin@minfin.gov.kz; s.bermagambetova@minfin.gov.kz электрондық мекенжайларына хабарласуға болады.