«2023 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 987 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 574 қаулысын іске асыру үшін «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) әзірленді.
Бұйрық жобасымен жаңа бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) ашу жөнінде толықтырулар енгізілді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2023 жылғы 14 шілдеде орналастырылды.