«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 987 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 257 қаулысын және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 496 бюджеттік кіші бағдарламаны бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне толықтыру туралы 2023 жылғы 16 мамырдағы № 03-4-24/18594 қорытындысын; «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР Заңын және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне 268 бюджеттік кіші бағдарламасы бар бюджеттік бағдарламамен толықтыру туралы 2023 жылғы 17 мамырдағы № 03-1-28/19508 қорытындысын; «Жарнама туралы» ҚР Заңын, 2019 жылғы 13 мамырдағы № 37 Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидаларын және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне 344 бюджеттік кіші бағдарламасы бар бюджеттік бағдарламамен толықтыру туралы 2023 жылғы 27 маусымдағы № 02-24/25516 қорытындысын; «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жастардың 2023 жылға арналған кәсіпкерлік бастамасына жәрдемдесуге кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 40 қаулысын, 2022 жылғы 7 ақпандағы № 47 Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне 333 бюджеттік кіші бағдарламаны толықтыру туралы 2023 жылғы 2 маусымдағы № 01-1-5706/3092 және 2023 жылғы 6 маусымдағы № 01-1-5-06/3146-И қорытындысын; 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларын және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне бюджеттік кіші бағдарламалары бар бюджеттік бағдарламамен толықтыру туралы 2023 жылғы 13 маусымдағы № 01-2-2-21/13788 қорытындысын; ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысын және Оқу-ағарту министрлігінің жалпы оқу пәндері бойынша қосымша сабақтар өткізу туралы материалдық көмек түрімен толықтыру туралы 2023 жылғы 22 мамырдағы № 5-15-2/3086-И қорытындысын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – бұйрық жобасы) әзірленді.
Бұйрық жобасымен жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) ашу жөніндегі ұсыныстарына сәйкес толықтырулар енгізілді және жалпы білім беретін пәндер бойынша қосымша сабақ өткізу туралы материалдық көмектің түрі туралы бюджет шығыстарын экономикалық сыныптау ерекшеліктерінің анықтамасына толықтыру енгізілді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2023 жылғы 29 маусымда орналастырылды.