Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Е.К. Егемберды және Қаржы Вице-министрі Д.М. Кенбейілдің, сондай-ақ Комитеттің аумақтық департаменттері басшыларының қатысуымен бірінші жартыжылдық қызметі қорытындысы бойынша алқа отырысын өткізді.

Алқа барысында Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының Комитет қызметінің негізгі қорытындылары және департаменттердің рейтингтік бағалары, сапаны бақылауды қамтамасыз ету, камералдық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыру туралы баяндамалары тыңдалды.

Комитет қызметін жақсарту мақсатында, Комитет төрағасы Е.Т. Мыңжасаров ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына бірқатар міндеттер қойып, тапсырмалар жүктеді.