ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің өкілі, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің орталық аппараты мен аумақтық департаменттері қызметкерлерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің өкілі, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің орталық аппараты мен аумақтық департаменттері қызметкерлерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаудың салдарлары және Мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру қызметіндегі жекелеген мәселелер талқыланды.Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы Агенттіктің превенция қызметінің өкілі М.Қарғабай және Министрлік Аппаратының басшысы Е. Егемберды сөз сөйледі.

Кездесу қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және арттыруға, қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды кешенді жүргізуге және қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қатаң сақтауына бағытталған бірқатар тапсырмалар берілді.