ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске асыру мәселелері бойынша жиын өткізді.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске асыру мәселелері бойынша жиын өткізді.

Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қарастырылған түзетулерге бастамашылық жасады.

Жиын барысында ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков заң жобасында 6 кодекс пен 10 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылғанын хабарлады.
Сондай-ақ қатысушылар E-GOV сайты мен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғам интеграциялау және Қазақстан Республикасының азаматтығын беру немесе жоғалту мерзімі бойынша мәліметтерді ұсыну мәселелерін талқылады.

Қорытындылай келе, Ерұлан Жамаубаев Ішкі істер министрлігі мен Әділет министрлігіне азаматық туралы мәліметтерді ұсыну бойынша жауапты мемлекеттік органды бекітіп, келісілген шешім қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар Цифрлық даму министрлігіне «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғаммен бірлесіп, E-GOV және «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғам сайттарын интеграциялау мәселесін пысықтауды тапсырылды.