
«Табыс пен мүлікке қосарланған салық салуды болдырмау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының және Өзбекистан Республикасының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы Келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының уәкілетті органдары резиденттікті растайтын ресми құжаттарды танудың қандай да бір арнаулы куәландыру немесе консулдық заңдастыруды жою арқылы жеңілдетілген тәртібін белгілейді. Аталған жағдай салық салу мақсатында, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту үшін маңызды.
НҚА ағымдағы жылғы 13 маусымнан 27 маусымға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналасқан. (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14606932).