
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.К. Жамаубаев Қазақстан Республикасының Премьер – Министрі Ә.А. Смайыловтың төрағалығымен өткен Еуразия даму банкі Кеңесінің (бұдан әрі-ЕАДБ немесе Банк) отырысына қатысты.
Отырыс барысында Банктің 2022 жылғы қызметі бойынша негізгі құжаттар қаралды және бекітілді.
Жыл қорытындысы бойынша Банктің жинақталған инвестициялық қоржыны 13,4 млрд АҚШ долларына жетті, жаңа қол қойылған жобалардың рекордтық көрсеткіші 2,5 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте Қазақстанға салынған инвестициялардың үлесі 1,2 млрд АҚШ доллары сомасымен 48% құрады.
Әлемдік және өңірлік экономикалық нарықтардағы құбылмалылық жағдайында ЕАДБ тұрақты қаржылық ахуалды және 2022-2026 жылдарға арналған Стратегияның міндеттерін іске асыру үшін мүмкіндіктерді сақтап қалды.
Бұдан басқа, отырысқа қатысушылар Банктің ағымдағы жұмысы және
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі