
Қаржы вице-министрі Кеңбеил Дәурен Заң жобасының тұжырымдамасы мен негізгі тәсілдерін айтты:
Атап айтқанда, өнім берушілердің сапалық сипаттамаларын кеңейту, мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуына қоғамдық бақылауды күшейту, процестерді одан әрі автоматтандыру, өмірлік циклды пайдалана отырып, тұрақты сатып алуды енгізу жөніндегі шаралар атап өтілді.
Қоғамдық палатаның отырысы барысында Мәжіліс депутаттары мен қоғам өкілдері Заң жобасы шеңберінде ескерілетін бірқатар ұсыныстар енгізді.
Заң жобасын ағымдағы жылдың қыркүйек айында Мәжіліс Парламентіне енгізу жоспарлануда.
ҚР Қаржы министрлігінің Баспасөз қызметі