2023 жылғы 1 жартыжылдықтағы Павлодар облысы бойынша ІМАД қызметінің қорытындылары»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

2023 жылғы 1 жартыжылдықтағы Павлодар облысы бойынша ІМАД қызметінің қорытындылары»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

ҚР ҚМ ІМАК Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті  2023 жылғы 26 маусымда «Атамекен» Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында құқық қорғау органдары өкілдерінің, тексеру комиссиясының және Павлодар облысының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қатысуымен «2023 жылғы 1 жартыжылдықтағы Павлодар облысы бойынша ІМАД қызметінің қорытындылары»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Департамент қызметінің қорытындысы бойынша 1 жартыжылдықта Департамент басшысы Д.К. Махметов  және «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік сатып алуды өткізу кезіндегі өзекті мәселелері»  тақырыбында камералдық бақылау бөлімінің басшысы А.К. Жансеитов баяндама жасады.

Дөңгелек үстел барысында баяндамашылар Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бойынша түсініктемелер берді.

Өткізілген іс-шара соңында қатысушылар Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдеріне алғыстарын білдірді.