Ішкі мемлекеттік аудит органы мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл

Ішкі мемлекеттік аудит органы мен құқық қорғау органдары арасындағы  өзара іс-қимыл

ҚР Қаржы министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Ішкі мемлекеттік аудит органы мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Ақтөбе облыстық прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департаменті, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының қызметкерлері қатысты.