
«Партисапаторлық» бюджеттеу (ағылшынша participate – қатысу деген сөз) жиымасыншы ғасырдың соңында Бразилияда (Порту-Алегре) пайда болған және соңғы жиырма жылда басқа елдерде кеңінен таралды.
«Партисапаторлық» бюджеттеу қала мәселелерін шешуде азаматтар мен билік өкілдерінің бірлескен жұмысының қажеттілігінен туындады. Ол биліктің саяси еркі, оның демократияландыруға деген талпынысы және өз елді мекендеріндегі жағдайды өзгерткісі келетін азаматтардың қолдауы сияқты факторлардың үйлесуі арқасында мүмкін болды.
Порту-Алегридегі «партисапаторлық» бюджеттеудің мәні тұрғындарға тек жергілікті депутаттар бөлген бюджет қаражатының бір бөлігін қайда бағыттауды дербес шешу құқығын беруді білдіреді.
«Партисапаторлық» бюджеттеудің пайда болуына қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген кедей қала тұрғындарының тез урбандалуы және көбеюі ықпал етті.
Бейімделу процесінде осы тәжірибелерді енгізген әрбір елде әдістер өңірлік ерекшеліктерге сәйкес өзгертілді.
Әлемдік тәжірибеде «партисипаторлық» бюджеттеу көптеген шет елдерде кеңінен және белсенді түрде жүзеге асырылатын бастамашыл бюджеттеу тәжірибелерінің бірі болып табылады.
Францияда халықты ортақ мүддедегі мәселелерді талқылауға және шешуге тарту тәжірибесі ұзақ уақыт бойы жүзеге асырылып келеді.
2002 жылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарын 80 мыңнан астам халқы бар барлық қалаларда аудандар кеңестерін құруға міндеттейтін жергілікті демократия туралы заң қабылданды.
Аудандар кеңестері – бұл азаматтық қоғам өкілдерін қамтитын және негізінен кеңесші рөл атқаратын жергілікті өзін-өзі басқару органдары жанындағы комитеттер.
Заңнамалық деңгейде ең маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша пікірталастар өткізіледі. Мұндай пікірталастарды ұлттық деңгейде ұйымдастыруға Ұлттық қоғамдық пікірталас комиссиясы жауап береді. Жергілікті деңгейде қоғамдық мүддедегі мәселелерді талқылау дәстүрі мен тетіктері де бар.
Анықтама: Париж 20 муниципалды округке бөлінеді, олардың әрқайсысы 4 орамнан тұрады. Әрбір округтің өз мэриясы, бюджеті, полициясы бар. Қаланы 6 жылға сайланған «Париж кеңесі» басқарады, ол Париж мэрі мен оның орынбасарларын тағайындайды. Париждегі ПБ тәжірибесі шеңберінде жобалық ұсыныстар жалпы қаланың, не жеке муниципалды округтің (яғни, жалпы қалалық және округтік жобалар) мәселелерін шешуге бағытталуы мүмкін. Жобалардың шамамен 90% – бұл велосипед жолдары, көгалдандыру, саябақтар аймақтары, қоғамдық кеңістік дизайны, экология, жаяу жүргіншілер өткелдері, шағын спорт және ойын кешендері).
Парижде «партисипаторлық» бюджеттеудің пилоттық жобасы 2014 жылы іске қосылды. Пилоттық жоба сәтті өткеннен кейін 2015 жылы Қалалық кеңестің шешімімен «партисипаторлық» бюджеттеу тәжірибесі толық көлемде іске қосылды.
Халықтың бюджеттік процестерге қатысуы АҚШ-та да қолданылады. Жиырмасыншы ғасырдың басында тұрғындардың қоғамдық тыңдауларға қатысу дәстүрі кеңінен таралды. Жергілікті жобаларды жоспарлауға, әзірлеуге және іске асыруға қатысатын қалалық қоғамдық ұйымдар, қала тұрғындарының комитеттері және қорлар муниципалитеттермен белсенді түрде ынтымақтасады және өз жобалары үшін бюджеттік қаржыландыруды алады. Мегаполистегі сәтті жобалардың ішінде
Нью-Йорктегі «партисипаторлық» бюджеттеу тәжірибесін атап өтуге болады.
Анықтама: Нью-Йорк бес әкімшілік округтен тұрады («боро» деп аталады), олар өз кезегінде 51 әкімшілік ауданға бөлінеді. Әрбір ауданның өзінің қоғамдық кеңесі – жергілікті халықтың мүдделерін білдіретін өкілді органы бар. Қаланы басқаратын заң шығарушы орган Нью-Йорктің Қалалық кеңесі болып табылады. Оған 51 депутат – әрбір ауданнан бір-бірден барлық бес округтің муниципалды аудандарының өкілдері кіреді.
Қалалық кеңестің өкілеттік саласына жататын қаражат объектілердің қызмет ету мерзімі кемінде бес жыл болатын жалпы пайдаланымдағы физикалық инфрақұрылым жобалары үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұл жобалардың типологиясы қалалық кеңестің сайтында, сондай-ақ «партисипаторлық» бюджеттеу ережелерінің жиынтығында ұсынылған. Жобалар санаттарға бөлінеді (мәдениет, өнер, қоғамдық ғимараттар, мектептер, білім, қоршаған орта, тұрғын үй қоры, саябақтар, демалыс аймақтары, денсаулық сақтау объектілері, қоғамдық қауіпсіздік, санитария, қоқыс жинау, қарттар, жастар, көше желісі және көлік).
Ең танымал сала - білім беру (жөндеу, кітапханалар, мектеп шатырлары, аудиториялар, спорт алаңы) болып табылады.
Әр ауданда бір немесе бірнеше жоба жүзеге асырылуы мүмкін. Әр аудандағы жобаның (немесе жобалар тобының) барынша көп құны қалалық кеңестің ауданға бөлген сомасымен шектеледі. Бұл ретте бұрын басталған жобаларды қаржыландыру да жалғасуы мүмкін.
Ресейде мұндай жобалар 2007 жылдан бастап дамып келеді және қазіргі уақытта бастамашыл бюджеттеу деп аталатын партисипаторлық бюджеттеуді дамытудың бірінші кезеңінің аяқталғанын айтуға болады.
Осы он жылға жуық уақыт ішінде пилоттық жобалар өздерінің нәтижелілігі мен тиімділігін растады. Келесі қадам қолданыстағы жобаларды масштабтау және процеске қосылған жаңа аймақтардың пайда болуы болды.
Халықаралық ынтымақтастық тұрғысынан Қазақстан 2019 жылы 71 елдің құрамында БІРІНШІ РЕТ «партисипаторлық» бюджеттеу ӘЛЕМДІК Атласқа енгізілді.
Қазақстанда «партисапаторлық» бюджеттеу қағидаттары «Халық қатысатын бюджет» арқылы іске асырылады.
2019 жылы пилоттық режимде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске асырылды.
2020 жылы «Халық қатысатын бюджет» облыстық маңызы бар барлық қалаларға және Шымкент қаласына масштабталды.
Біз үшін «Халық қатысатын бюджет» бюджеттік процеске қоғамдық қатысу нысандарының бірі.
Әрине, бүгінде азаматтардың қатысуының өзге де нысандары жұмыс істейді — олар қоғамдық кеңестер, қоғамдық тыңдаулар, халықтың шағымдары мен ұсыныстарын қарау тетіктері және басқалар.
Бірақ бұл тетік халыққа жобаларды тікелей ұсынуға мүмкіндік береді.
Алғаш рет азаматтардың бюджет қаражатын бөлуге қатысу тетіктері әзірленді.
«Халық қатысатын бюджетті» енгізудің негізгі мақсаты оны қалыптастыру шеңберінде жергілікті бюджет қаражатын бөлуге халықты қатысуға тарту бойынша жергілікті атқарушы органдардың белсенді жұмысы болып табылатынын атап өткен жөн.
Яғни, тұрғындардың жергілікті бюджет қаражатын абаттандыруға, оның ішінде бөлуге қатысуға мүмкіндігі бар:
Тұрғындардың өздері абаттандыру идеяларына бастама жасайды, оларды жоба деңгейіне дейін пысықтайды, содан кейін онлайн дауыс беру арқылы жеңімпаздарды іріктейді. Жоба тұрғындарды қандай да жергілікті проблеманың айналасында біріктіреді, көршілерді талқылауға тартады, ауланы, саябақты немесе алаңды қалай жақсы жабдықтау керектігін түсінуге мүмкіндік береді.
Жалпы, халықты бюджеттік шешімдер қабылдау процесіне тарту процестің ашықтығын қамтамасыз етуге, азаматтардың жергілікті билікке деген сенімін нығайтуға, халықтың ақпараттылығы мен қаржылық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді және инфрақұрылым объектілерінің сапасы мен ұқыпты пайдаланылуы үшін ортақ жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
2022 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа жұмсалатын шығыстардың 10% көлемінде оның мөлшерін айқындай отырып, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарға «халық қатысатын бюджет» практикасын масштабтау туралы айтты.
Елді мекендерге «Халық қатысатын бюджетті» енгізу және масштабтау жоспарлы және кезең-кезеңмен жүргізіледі.
«Халық қатысатын бюджет» ауданның әкімшілік орталықтары болып табылатын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру шығыстарының кемінде 10% ең төменгі лимиті белгіленгене отырып, халық саны 10000 адамнан асатын аудандық маңызы бар қалаларға масштабталды
Алдын ала бұл аудандық маңызы бар 48 қаланың «Халық қатысатын бюджет» бюджет көлемі орта есеппен 500 млн. теңгені құрайтын 35 қаласы.
Бұл жаңашылдықтар 90-нан астам елді мекенде «Халық қатысатын бюджетке» қатысты болады.
Аудандық маңызы бар қалалардың көбінде әлеуметтік-экономикалық даму барысы облыстық маңызы бар қалаларға ұқсас.
Қалалық бюджеттердің жеке шығыстарының негізгі бөлігін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығыстары құрайды.
Халықты «Халық қатысатын бюджеттерге» белсенді тарту үшін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында «халық қатысатын бюджет» модулі енгізілді.
Әкімдіктер парақшасында Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында «Халық қатысатын бюджет» модулінде нақты уақыт режимінде барлық ниет білдірушілер мәртебелерді, таймлайндарды, дауыстар санын және т.б. көрсете отырып, тұрғындардың ұсынған «жобаларын» қысқа, түсінікті және егжей-тегжейлі нысанда қадағалай алады.
Жобалық ұсыныстарды іске асыру барысы туралы ақпарат іске асырылып жатқан «жобалар» туралы деректерді жариялау және бұқаралық ақпарат құралдарында қаржыландыруға қаражатты пайдалану, сондай-ақ әкімдердің халықпен есептік кездесулері барысында қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының «Халық қатысатын бюджет» сервисін «EgovMobile» мобильді қосымшасымен интеграциялау көзделген.
«Халық қатысатын бюджетті» өткізу жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеудің міндетті процесі болып табылады, сондықтан жергілікті атқарушы органдар бұл процесті айналып өте алмайды.
Сонымен қатар, іске асырылмаған жобалық ұсыныстардың саны жыл сайын азайып келеді.
Қалаларда «Халық қатысатын бюджет» енгізуге байланысты жобалық ұсыныстарды іске асыруға бюджеттің ықтимал шығыстарының көлемі 2019 жылы 100 млн. теңгеден 2023 жылы 21,9 млрд. теңгеге дейін өсті.
2019-2022 жылдары жобалық ұсыныстарды іске асыруға қалалық бюджеттерден 27,2 млрд. теңге бөлінді, 2023 жылға 31,0 млрд. теңге жоспарланған.
«Халық қатысатын бюджетке» арналған шығыстардың халық қатысатын бюджетті қолданған қалалардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығыстарына іс жүзіндегі арақатынасы 2019 жылғы 0,2%-дан 2022 жылы 8,3%-ға дейін өсті.
2023 жылға көрсеткіштің жоспарлы мәні 8,4%-ды құрайды.
Жалпы, «Халық қатысатын бюджет» - бұл тиімді тетік екенін тәжірибе көрсетті және Халық қатысатын бюджеттің негізгі көрсеткіштері бойынша оң үрдіс байқалады, өйткені жобаны іске асыру тұрғындарға өз жоспарларын жүзеге асыруға, инфрақұрылымды жақсартуға, өз ойларын жүзеге асыруға және нақты аула тұрғындарына қажет нәрсені жасауға мүмкіндік береді.
Бюджеттік заңнамасы департаментінің директоры О. Бейсембаев.