Бүгін ең жақсы нәтижелер көрсеткен Қаржы министрлігі аппараты қызметкерлерінің ата-аналарына алғыс білдіріп, мемлекеттік қызметшінің кәсіби мерекесімен құттықтау өтті.

Бүгін ең жақсы нәтижелер көрсеткен Қаржы министрлігі аппараты қызметкерлерінің ата-аналарына алғыс білдіріп, мемлекеттік қызметшінің кәсіби мерекесімен құттықтау өтті.

Сонымен қатар, Министрліктің жауапты қызметкерлері Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволық наградасымен және Министрлік кәсіподағының грамоталарымен марапатталды.

Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу шеңберінде ерекше көзге түскен қызметкерлермен кездесу ұйымдастырылып, Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың атынан алғыс хаттар табысталды.