Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Төрағасы Р. Тоқбаевтың Абай облысының тұрғындарымен кездесуі өтті.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Төрағасы Р. Тоқбаевтың Абай облысының тұрғындарымен кездесуі өтті.

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Келдібайұлы Тоқбаев Абай облысының тұрғындарымен онлайн форматта кездесу өткізді.

Рахат Тоқбаев өз баяндамасында жалпы қазынашылық органдарының қызметі мен міндеттері туралы айтты, сондай-ақ, бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету және электрондық депозитарийді жүргізудегі қазынашылық органдары қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті.

Кездесу соңында Р. Тоқбаев облыс тұрғындары тарапынан қойылған «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесінің жұмысы, азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу, төлем шоттарын бекіту, сондай-ақ облыстағы өрт салдарынан зардап шеккендерге жәрдем туралы сұрақтарға жауап берді.