
Е.К. Жамаубаев өз сөзінде адамдардың өмір сүруіне қауіпсіз жағдай жасау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Сондықтан мұндай өзгерістерді транспаренттілік, нәтижелі ынтымақтастық пен өзара сенім режимінде жүзеге асыру өте маңызды, бұл қоғамның сұраныстарына жауап ұсынатын теңгерімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Үкімет қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасын әзірледі, онда оның ережелерін іске асыруда ішкі істер органдары шешуші рөл атқарады.
Қазіргі уақытта ішкі істер органдарының жүйесінде елеулі өзгерістер жүргізілуде, сервистік модельге көшу жүзеге асырылуда. Қоғамдық қауіпсіздік саласындағы осы міндеттерді шешу үшін республикалық бюджеттің шығыстары соңғы 3 жылда 2 есеге ұлғайтылды.
2021 жылдан бастап ішкі істер органдары қызметкерлерінің ақшалай ризығы кезең-кезеңімен орта есеппен 30%-ке өсті, - деп атап өтті Ерұлан Жамаубаев.