
Төтенше жағдайдан зардап шеккен ШОБ пен жеке кәсіпкерлерді қолдау үшін жеңілдетілген несиелер бағдарламасын іске асыру басталды.
Осы бағдарлама бойынша банктерге 12 айға дейін 600 млрд теңгеге шартты салымдар берілді. 3 айда жасалуы керек қаражатты игеру басталды. Кәсіпкерлер 647 өтініш берді, 17,3 млрд теңгенің 45 несиесі берілді.
Экономиканың басым секторларын жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша 10 сәуірдегі жағдай бойынша банктер 292,2 млрд теңге сомасына 470 жобаны мақұлдады, 153 млрд теңге сомасына 352 несие берілді. Барлығы 422,2 млрд теңгеге 619 өтінім берілді.
Ұлттық Банк аталған бағдарламаны қаржыландыруды 400 трлн теңгеге, 1 трлн теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады. Қаражат елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.