
Экономикалық тұрақтылық пен төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша Қаржы министрлігі 1,2 трлн теңге бөлді.
Карантиннен кейінгі кезеңде халықты жұмыспен қамтуды қолдау үшін «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы қабылданды, оның аясында шамамен 240 мың жұмыс орны құрылады. Оны іске асыру үшін бюджетке бұрын-соңды болмаған 1 трлн теңге сомасы қосылды.
Үкімет кәсіпкерлердің несиелері бойынша субсидиялау және кепілдік беру арқылы кәсіпкерлікті қолдау шараларын күшейтуді көздейді. Бұл 16 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға және 250 млрд теңгеден астам салық түсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Бизнестің жол картасы» бағдарламасын іске асыруға қосымша 84,5 млрд теңге бөлінді.
Қиын жағдайға тап болған азаматтардың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз етуге тағы 30,8 млрд теңге бюджет қаражаты бөлінді. Бұл шара 2 миллионнан астам адамды қамтиды.