
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы Тоқбаев Рахат Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Кездесу барысында азаматтар қазынашылық комитетінің басшылығына жүргізіліп жатқан жұмыстар, оның ішінде бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету, электрондық депозитарийді жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан алдын алу шаралары, сондай-ақ қазынашылық органдарының құзыреті шегінде басқа да мәселелер бойынша сұрақтар қоя алады. Жергілікті халықтың мәселелерін жедел шешу.
Өткізу күні: 2023 жылғы 22 маусым, сағат 11:00
Өткізу форматы: Онлайн, ZOOM арқылы.
БАҚ өкілдерін аккредиттеу үшін 8 707 823 70 70 нөмірі бойынша
22 маусым күні сағ 8.00- 10.30-ға дейін хабарласыңыз.