Жоба «Мемлекеттік аппаратты дебюрократизациялау бойынша шаралар туралы» Мемлекет басшысының жарлығын орындау мақсатында әзірленді.
Жобамен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне өзгерістер енгізу көзделеді.
Жоба 2023 жылғы 19 маусымда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған.
Қоғамдық талдаудың мерзімі 2023 жылғы 3 шілдеге дейін.
(https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14612966).