Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің екі статистикалық жинақты жариялау туралы баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің екі статистикалық жинақты жариялау туралы баспасөз релизі

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі азаматтар алдындағы есептілік пен ашықтықты арттырудың жалпы әлемдік үрдісін және бюджет процесіне жұртшылықтың қатысуын қолдау үшін басып шығарылған «Халықаралық бюджет ашықтығы индексі көрсеткіштерінің орындалуы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қаржы статистикасы» статистикалық жинақтарын алғаш рет жариялады.

Статистикалық жинақтар мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде түсінікті және қолжетімді нысанда ақпаратты ұсыну форматы бойынша талаптар сақтала отырып, дайындалды.

Ақпарат 2022 жылғы республикалық, жергілікті және шоғырландырылған бюджет бойынша, 2019 жылдан бастап 2021 жыл аралығы кезеңіндегі мемлекеттік қаржы статистикасы бойынша деректерді қамти отырып, ұсынылды.