Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекетітк аудит комиеттінің төрағасы Ержан Тілекұлы Мыңжасаровтың Албания еліне жұмыс сапары

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекетітк аудит комиеттінің төрағасы Ержан Тілекұлы Мыңжасаровтың Албания еліне жұмыс сапары

Бүгін Албанияға «Үйлестіру жөніндегі орталық бөлімшелер үшін сын-қатерлер» және «Тәжірибедегі аудит» тақырыптары бойынша PEMPAL жұмыс тобының отырыстарына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өкілдері атынан ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Е. Мыңжасаров пен ҚР ҚМ бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаментінің Ішкі мемлекеттік аудит әдіснамасы басқармасының басшысы Х. Күзембаев қатысты.

Отырыс мүшелерінің қатарына 28 елдің өкілдері, оның ішінде Дүниежүзілік банк пен Еурокомиссия өкілдері қосылды.

Отырыстың негізгі мақсаты ішкі мемлекеттік аудит жүйесі саласындағы әртүрлі мемлекеттердің PEMPAL қатысушылары арасында практикалық тәжірибе алмасу және халықаралық ішкі аудит стандарттарын қолдану жөніндегі жаһандық тәсілдерді жетілдіру болып табылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік ішкі аудит және қаржылық бақылау жүйесін реформалау Албанияда тәжірибе алмасу арқылы әлемдегі аудит жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.