«Заттай нормаларды әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
орынбасары – Қаржы министрі бұйрығының жобасына
(бұдан әрі – Жоба) баспасөз релизі
Жоба «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 758-38) тармақшасына сәйкес әзірленді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне заттай нормалардың тәртібін әзірлеу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретін алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Заттай нормаларды әзірлеу тәртібін бекіту жөніндегі құзырет Қаржы министрлігіне беріледі және Қаржы министрлігі туралы ережеде белгіленетін болады.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (http://legalacts.egov.kz) 2023 жылғы 1 маусымда орналастырылған.