
Алматы қаласы бойынша МКД басшысының орынбасары-Әдеп жөніндегі уәкіл Шындали З.А. конкурсқа қатысушы балаларды құттықтап, велосипедтер, гироскуторлар, самокаттар және басқа да бағалы сыйлықтармен марапаттады, сондай-ақ оларға құрмет грамоталары табыс етілді.Конкурс Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен, Алматы қаласы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департаментімен бірлесіп Алматы қаласы әкімдігінің, УчетКЗ компаниялар тобының қолдауымен өткізілді. Іс-шара салтанатты түрде өтіп, қаланың дарынды балалары ата-аналарының және барлық қатысушылардың қошеметіне бөленіп, үлкен қуанышпен құттықтаулар қабылдады.
Барлық шығармашылық жұмыстар, суреттер, қолөнер және бейнелер балалардың шын көңілдерімен жасалғаны байқалып тұр. Балалар байқаудың арқасында салықтардың маңыздылығы мен бюджетті қалыптастырудың мәселесін, оның мектептер, стадиондар, жолдардың салынуына, жалақы мен зейнетақының бөлінуіне әкелетінін түсініп, сонымен қатар олардың сыбайлас жемқорлықсыз әлемге және гүлденген елдегі жарқын болашаққа деген көзқарастары қалыптасты.