«Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша

«Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша

Бүгін Парламент Мәжілісінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысы туралы баяндама жасады.

Е. Жамаубаев өз сөзінде құжат азаматтардың әл-ауқатын сапалы арттыруға және ішкі өндірісті арттыруға бағытталған 10 міндет бойынша 205 іс-шарадан тұратынын айтты.

Атап айтқанда, «Әлеуметтік қамқорлық» бағыты бойынша 14 іс-шара жоспарланған. Карьералық орталықтарға Жұмыспен қамту орталықтары трансформацияланады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылым айтарлықтай жақсарады.

«Сапалы білім мен медициналық қызмет» бағыты бойынша 40 іс-шара іске асырылатын болады, алдағы жылдары 1,5 млн. жаңа оқушы орны ашылып, шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдарда 3 мың мектеп жаңғыртылады. 50 балаларға арналған сауықтыру лагерін құру жоспарлануда.

Сондай-ақ, «Жеке баспана мен жайлы инфрақұрылым» бағыты бойынша сапалы тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру мақсатында барлық қаржыландыру көздері есебінен 78 млн.шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй құрылысы қамтамасыз етілетін болады. Жаңа пәтерлерге көшу үшін 30 мыңға жуық апатты және тозығы жеткен тұрғын үй иелеріне мүмкіндік беріледі. Үлестік қатысуы бар барлық проблемалық үйлердің құрылысы аяқталады. Жаңа Құрылыс кодексі қабылданады.

Жол картасының орындалуы Үкіметтің ерекше бақылауында.


Сөз соңында Ерұлан Жамаубаев алдағы қадамдар Жол картасын нақты әрі сапалы орындауға бағытталатынын атап өтті.