
Кездесу барысында Қазақстанның Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен бірлескен инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.
Банк инфрақұрылым саласындағы жобаларды, оның ішінде энергетика, қалдықтарды кәдеге жарату, декарбонизация және басқа да жобаларды қаржыландыруға қызығушылық білдірді.
Сондай-ақ, Банк мемлекеттік инвестициялық жобалармен қатар Банктің инвестициялық портфеліндегі жеке инвестициялық жобалардың үлесін арттыра отырып, қаржыландыруға дайын екендігін атап өтті.
Дәурен Кенбеил Қазақстан Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға маңызды мән беретінін атап өтіп, сондай-ақ жаңа өршіл инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін Банкпен стратегиялық әріптестікті бірлесіп нығайтуға дайын екенін білдірді.