Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 212 бабына сәйкес «Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.К. Жамаубаевтың бұйрық жобасы әзірленген.
Осы бұйрық жобасы 2023 жылғы 23 мамырда http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілерінің интернет-порталында орналастырылған.
Жария талдауды өткізу мерзімі – 2023 жылы 6 маусымға дейін.