БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің бұйрық жобасы Бюджет кодексінің 33-бабының 1-тармағын бюджеттік бағдарламалар түрлерінің мазмұнына байланысты бюджеттік бағдарламалар нысаналы жарнамен толықтыруға қатысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның 1-бабының 5-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында және «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығының 11-тармағы кеңсе қағазына және онымен байланысты тауарларға бюджет шығыстарын үш есеге қысқарту бөлігінде әзірленді.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына 2023 жылы 29 мамыр айында орналастырылған (http://legalacts.egov.kz).