
Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөнінде конкурс жариялайды.
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.
Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:
1) жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе;
2) тиісті құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;
3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.
Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңестің сандық құрамы – 15 адам, оның ішінде 5 адам Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен, 10 адам коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың қатарынан.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2023 жылғы 14 маусымды қоса алғанда.
Құжаттар жіберілетін пошталық және электрондық пошта мекенжайлары: Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8 (4 кіреберіс, 517/1 кеңсе), f.tolegen@minfin.gov.kz.
Ақпарат үшін телефон: 8 (7172) 750385.
Өтініш үлгілерін мына жерден табуға болады.